біз туралы
Стратегиялық даму, рейтинг, бақылау және сапа орталығы

Орталық миссиясы – Стратегиялық даму жоспарын жасау және орындалуын қадағалау, сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету, Халықаралық және ұлттық рейтингтерге қатысу.

Орталық қызметінің мақсаты – Қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің жұмысын ИСО 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес ұйымдастыру,  рейтинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және Стратегиялық даму жоспарын жасау және оның орындалуын қадағалау.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • Сапа саласындағы саясатты және мақсаттарды жасау және оны университет қызметкерлеріне жеткізу;
  • Университеттің сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету;
  • СМЖ бойынша қолданыстағы құжаттамалардың жарамдылығын, жаңартылуын мерзімді түрде қадағалау;
  • СМЖ, рейтинг салаларында ішкі семинарлар өткізу;
  • СМЖ талаптарына сәйкес ішкі тексерулер (аудит) ұйымдастыру және нәтижелерін талдау;
  • Сапаны басқару саласында озық тәжірибелерді үйрену, Халықаралық, ұлттық рейтингтерге қатысу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Стратегиялық жоспардың орындалуын қадағалау, стратегиялық жоспар бойынша есептерді талдау,  университет деңгейінде қорытынды есеп дайындау.