Стратегиялық даму, рейтинг, бақылау және сапа орталығы
біз туралы
Орталық миссиясы – Стратегиялық даму жоспарын жасау және орындалуын қадағалау, сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету, Халықаралық және ұлттық рейтингтерге қатысу.
Орталық қызметінің мақсаты – Қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің жұмысын ИСО 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес ұйымдастыру, рейтинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және Стратегиялық даму жоспарын жасау және оның орындалуын қадағалау.
Орталықтың негізгі міндеттері:
- Сапа саласындағы саясатты және мақсаттарды жасау және оны университет қызметкерлеріне жеткізу;
- Университеттің сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету;
- СМЖ бойынша қолданыстағы құжаттамалардың жарамдылығын, жаңартылуын мерзімді түрде қадағалау;
- СМЖ, рейтинг салаларында ішкі семинарлар өткізу;
- СМЖ талаптарына сәйкес ішкі тексерулер (аудит) ұйымдастыру және нәтижелерін талдау;
- Сапаны басқару саласында озық тәжірибелерді үйрену, Халықаралық, ұлттық рейтингтерге қатысу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Стратегиялық жоспардың орындалуын қадағалау, стратегиялық жоспар бойынша есептерді талдау, университет деңгейінде қорытынды есеп дайындау.