Жаңалықтар
Сапа саясаты
Сапа саясаты

«Сапа саласындағы саясат» университеттің мақсаты мен миссиясын, келешегін анықтайтын сапа менеджменті жүйесінің басты құжаты болып табылады.  Сапа саласындағы саясат Ахмет Ясауи университетінде сапаны қамтамасыз ету және сапаны үздіксіз жетілдіру мәдениетін қалыптастырады.

Сапа саласындағы саясат Ахмет Ясауи университетінде сапаны қамтамасыз ету және сапаны үздіксіз жетілдіру мәдениетін қалыптастырады. Сапа саласындағы саясат стратегиялық менеджменттің бөлігі болып табылады, университеттің Стратегиялық даму жоспарында айқындалған миссиясына, стратегиялық талдау нәтижелері мен даму бағыттарына сәйкес әзірленіп, бекітіледі. Сапаны қамтамасыз ету саясаты, миссиясы, келешек келбеті, стратегиясы ішкі және сыртқы мүдделі тараптар үшін қолжетімді.

Ахмет Ясауи университетінің сапаны қамтамасыз ету саясаты Еуропалық университеттер қауымдастығына және ұлттық сапа стандарттарына, біздің миссиямызға және біздің негізгі институттық құндылықтарымызды көрсететін стратегиялық жоспардағы мақсаттарға негізделген. Ахмет Ясауи университеті өз миссиясын, көзқарасын және құндылықтарын орындай алатын басқару тәсілі негізінде құрылған басқару құрылымына байланысты жұмысын жалғастыруда және дамытуда.

Исо 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мүмкіндіктерін және тұтынушылар мен өзге де мүдделі жақтардың талаптарын қанағаттандыру дәрежесін үнемі анықтау, бағалау арқылы қолданыстағы сапа менеджменті жүйесін ұдайы жетілдіру, басшылық лидерлігі негізінде сапа саясатын жүзеге асыруға барлық қызметкерлерді жұмылдыру бағыттарында жақсарту жұмыстарын жүргізеді.