Жаңалықтар
QS World University Rankings by Subject
QS World University Rankings by Subject

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті пән бағыттарының рейтинг нәтижелері бойынша – QS World University Rankings by Subject 2022 әлемнің үздік университеттерінің қатарына енді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2022 жылғы пәндік рейтингте тұрған 2 пән бағыты — рейтингтегі позицияларын 100%-ға жақсартты.

«Академиялық бедел» рейтингінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Білім» бағыты үздік көрсеткішке жетіп, 73,6 ұпай жинады.

“Жұмыс берушінің беделі” рейтингінде университеттің ең жақсы нәтижелерін «Білім» бағыты көрсетіп, 68,8 ұпай жинады.  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Білім» бағыты дәйексөздер саны бойынша ең жоғары балл иеленді (35). H-Index рейтингінде Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Білім» бағыты 37,9 ұпай жинады.

Ахмет Ясауи университеті өз тарихында әлемнің ең үздік университеттерінің пәндік рейтингіне биыл алғаш рет енді және бірінші қадамнан-ақ бірден үш рейтингке қатарынан ілінді: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (Arts & Humanities) салалық рейтингінде 5 пәндік бағыт ішінен 1-ші орынды иеленіп, жалпы 61,9 ұпаймен әлемдік 362-ші орынға шықты. «Заманауи тілдер» (Modern Languages) пәндік рейтингінде 201-250 аралығындағы позицияда,  «Білім және оқыту» (Education and Training) пәндік рейтингінде 301-350 аралығындағы позицияда.