- Кентау кампусында Ахмет Ясауи университетінің 2024-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасын іске асырудың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талқылау
- КЕЗЕКТІ ІШКІ АУДИТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
- ҚЫСҚЫ МЕКТЕП: СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
- Quacquarelli Symonds (QS): Asia University Rankings
- QS World University Rankings by Subject
- Сапа саясаты
- Ахмет Ясауи университеті-әлемдік QS рейтингінде
Ахмет Ясауи Университетінің Кентау кампусында 2024 жылдың 10 мамыр күні кампус басшылығымен комплаенс-офицер, тәуекел-менеджері Кырыкбаев М.Т., Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығының (СРСО) басшысы Кырыкбаева С.С., СРСО-ның жетекші сарапшылары Бакирова А.А., Арыстанова А.Т. қызметтік бағыттағы кездесуі өткізілді.
Аталған кездесуде Кентау кампусы директоры Беркимбаев К.М., инженер Сатыбалдиев Н., дайындық орталығы директоры Армаан Зөхре, дайындық орталығы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ыбыраева Ү.Ә., инженерия факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Калимбетова Ж.С. қатысып өз ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында қызметкерлер Кентау кампусы бөлімшелерін аралап, жоспарланған стратегиялық сессияны өткізудің инфрақұрылымы және процестерімен, жоспарлары және перспективаларымен танысты, 2024 жылғы ақпанда бекітілген Стратегиялық жоспарды орындалуына, негізгі құралдарды басқару саласындағы тәсілдер, стратегиялық бағыттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтау және мониторинг жүйесі, жауапкершілік және университеттің комплаенс-қызметінің өзекті мәселелері мен орындалу процестері, сондай-ақ қызмет тәуекелдері талқыланды.
Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы және комплаенс-офицері, тәуекел-менеджері